Дербес шоттарды жүргізу тәртібі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген" Дербес шоттарды жүргізу қағидаларына " сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерінің, әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды аудару жөніндегі міндеттерінің орындалуын есепке алуды жүргізу үшін көрсетілетін қызметті беруші дербес шоттарды ашады. Көрсетілетін қызметті алушының Дербес шотын жүргізу дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын одан әрі көрсетуді, дербес шотты беруді және жабуды қамтиды.
Жеке шотты ашу кезінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу деректері негіз болады.
Жеке шот көрсетілетін қызметті алушыға ағымдағы жылдың басында немесе салық міндеттемесі, берешегі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі міндеттеме туындаған күні ашылады. Көрсетілетін қызметті алушыда берешегі немесе артық төлеу болмаған жағдайда есеп айырысулар сальдосы нөлге есептеледі.
Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының есепке алу және талдау болімі
[xfvalue_img]