Жамбылдық полицейлер жыл басынан бері 210 қару тәркіледі

Жамбылдық полицейлер жыл басынан бері 210 қару тәркіледі

Жамбыл облысының Полиция департаментімен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған және заңсыз сақталған қаруды іздеп, тәркілеу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде.

- Жыл басынан бері полициямен 210 бірлік қару тәркіленді, оның 37-сі 2022 жылдың қаңтарында ПД қоймасынан ұрланған, сондай-ақ 3674 оқ-дәрі алынды.

Қару-жарақтың негізгі бөлігі жасырын көмілген орындардан анықталды, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.

Мәселен, 2023 жылғы 9 мамырда Тараз қаласындағы зираттан қару-жарақ табылды. Полицейлер 16 калибрлі «ИК-18» маркалы бір ұңғылы аңшылық мылтық, 16 калибрлі «700 АТМ-У» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтық және «МР-79-9 МТ» травматикалық мылтығын тәркіледі.

Тағы бір қару жасырылған орынды полиция қызметкерлері Тараздағы ескі бос ғимараттан тапты. Қаптың ішінен 16 калибрлі «ИЖ-26» маркалы қос ұңғылы аңшылық мылтық, 16 калибрлі «ИЖ-17» маркалы бір ұңғылы кесілген аңшылық мылтық, патрондары бар «ИЖ-СПЛ-01» маркалы тапанша табылды. 

Сондай-ақ, облыс орталығындағы темір жолдардың жанынан 16 калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы бір оқпанды аңшылық мылтық, «Байкал» маркалы травматикалық тапанша, «Скорпион» электрошокері және 27 оқ-дәрі табылды.

Ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды құқық бұзушылар негізінен шаруа қожалықтарының аумағында сақтайды. 2023 жылдың мамыр айының басында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақбұлым ауылының шетіндегі шаруа қожалығының аумағындағы сарайдан 16 калибрлі «ИЖ» маркалы бір оқпанды аңшылық мылтығын тауып, тәркіледі.

Барлық деректер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Қаруды іздеу және заңсыз айналымнан алу жұмыстары жалғасуда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив