Таразда ювеналды полиция қызметкерлері түнгі рейдтер жүргізді

Таразда ювеналды полиция қызметкерлері түнгі рейдтер жүргізді

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді. 

Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлар  саябақтар мен алаңдарды, қараусыз қалған үйлерді және жасөспірімдер жиналатын басқа да ықтимал жерлерді тексерді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату деректері де анықталды. 

Рейд кезінде полиция қызметкерлері қаладағы  екі ойын-сауық мекемесінде сағат 22:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз болған 18 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кафе иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру" бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

- Түнгі қаладағы балаларға арналған қатаң ережелер - олардың игілігі үшін.  Ата-аналар бізге дауыс көтеріп, айқай-шу шығарып жататын кездер де болады. Бірақ,  олар көшедегі кәмелетке толмаған жасөспірімнің кездейсоқ, абайсызда жағымсыз жағдайға немесе нашар ортаға түсіп қалуы мүмкін екенін түсінбейді. Біздің мақсатымыз-балаларды қорғау, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ  ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалары бойынша аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев. 

Облыс бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін барлығы 55 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив