Жамбылдық полицейлермен бір айда 60 қару заңсыз айналымнан тәркіленді

Жамбылдық полицейлермен бір айда 60 қару заңсыз айналымнан тәркіленді

Жамбыл облысының Полиция департаменті қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, заңсыз сақталған қаруды іздеу және тәркілеу жұмыстарын жалғастыруда. 

Осы мақсатта сәуір айының соңында біздің қызметкерлер «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.  

Іс-шараның 5 күнінде полицейлер заңсыз айналымнан 54 бірлік қару, 448 оқ-дәрі, 1 жарық-шу гранатасын, 9 арнайы құралдарды тәркіледі. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев хабарлады. 

Алынған барлық құралдарға сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды. 

Полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ 704 шалғайдағы шаруа қожалығына тексеру жұмыстарын жүргізді. 

Жедел-алдын алу шарасы барысында 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қаруды сақтау ережелерін бұзудың 15 дерегі, қаруды қайта тіркеуді бұзудың 6 фактісі анықталды. 

Ағымдағы жылдың сәуір айында заңсыз айналымнан 60 бірлік қару мен 1183 оқ тәркіленді. 

Мәселен, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде облыс орталығындағы Солнечный иінінің шет жағында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен пакетін тапты. Онда Жамбыл облысы ПД қоймасынан ұрланған 5,45 мм калибрлі «АКС-74» автоматы, 12 мм калибрлі «ИЖ-54» маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мм калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығы, «ИЖ-18ЕМ» 16 мм калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мм калибрлі «ИЖ-58» маркалы бір ұңғылы шолақ аңшы мылтығы тәркіленді. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлімінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив