СҚО полицейлері бұзақыны тәртіпке шақырған 27 жастағы Петропавлды марапаттады

СҚО полицейлері бұзақыны тәртіпке шақырған 27 жастағы Петропавлды марапаттады

(видео: https://youtube.com/shorts/qruK6NO5NMA?feature=share

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қоғамдық орында бұзақылық жасаған ер адамды тыныштандыру үшін шара қабылдаған 27 жастағы Дархан Баяхметовтың батылдығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір күні кешке Петропавлда 5 "М" маршруттық автобустың жолаушысы қажетті аялдаманы жіберіп алып, жол ақысын төлемей, орталық есіктен шығуға талпынған. Қизатов көшесінде автобус тоқтаған кезде ер адам автобус жүргізушісімен және басқа жолаушымен қақтығысқа түсті. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 67 жастағы азаматты ұстады. Нәтижесінде  ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаментінің басшылығы әлеуметтік желілерде "тарап кеткен" видеоға түскен жас жігіттің батылдығын атап өту туралы шешім қабылдады. Онда жас жігіттің агрессивті жолаушыны тәртіпке шақыруға тырысқаны, сонымен бірге ашуға ұшырағандығы анық көрінеді. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев Дархан Баяхметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Қанат Айтбаев Дарханның нағыз ер адам ретінде әрекет еткендігін; қалыпты емес жағдайда батылдық пен әдептілік танытқандығын атап өтті.

Айта кетерлік жайт, Дархан футболды жақсы көреді, білікті журналист; қазіргі уақытта Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада кітапханашы болып жұмыс істейді. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив