Астана полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүгінеді

Астана полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүгінеді

Апаттылықтың, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу және кәмелетке толмағандардың жолдарда және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын бекіту мақсатында ағымдағы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында Астана аумағында "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жыл басынан бері елордада кәмелетке толмағандардың қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 

Осыған байланысты жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды сұраймыз.

Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше мұқият болу керек. Тәуліктің қараңғы уақытында жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде балалардың жол-көлік жарақаттануын болдырмау мақсатында жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануды ұсынамыз.

Осылайша, қаланың ювеналды полиция инспекторлары жол қозғалысының жас қатысушыларына жарық шағылыстыратын төсбелгілер таратуды ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында ата-аналармен және балалармен көшелердегі жол қозғалысы мен жүріс-тұрыс ережелері бойынша түсіндірме әңгімелер өткізілді.

Іс-шара басталғаннан бері мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарда 600-ден астам әңгіме, дәріс пен сөз сөйлеу өткізілді.

Іс-шара шеңберінде қиылыстардан өту ережелерін бұзғаны үшін 283 жүргізуші, жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін – 96 адам, арнайы ұстап тұратын құрылғысыз балаларды тасымалдаған – 338 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жол ережесін бұзған 704 жаяу жүргінші анықталды.  

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив