Сотталған  онлайн арыз-шағымын жолдады

Сотталған онлайн арыз-шағымын жолдады

     Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында жабық мекемедегі сотталған азаматтар темір тордың арғы жағында отырып-ақ, өз өтініш тілектерімен, арыз-шағымдарын тиісті құқық органдарына тікелей жолдай алады. Өйткені, Мемлекет басшысынының «Қазақстанның Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты жолдауын орындау бойынша, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қатысты ЗК-169/1 тергеу изоляторына  электронды терминал орнатылған болатын. Міне, осы терминал арқылы , қамаудағы азаматтар  тиісті қажеттіліктерін  өтеуде.

Бүгінгі таңда бұл терминалдың дұрыс жұмыс істеп, дер кезінде пайдаланылуы үшін,  мекеменің РжКБ-нің  инженерлік-техникалық күзет қызмет тобының аға инженері, әділет капитаны Асхат Бердібек жауапты болып бекітілген.  Инженер-техник маман алғашқы күнен бері терминалды пайдалану  бойынша сотталғандарға оқыту жұмысын жүргізіп келеді.

- Құрылғының функционалды ерекшеліктері бар, мысалы, сотталушының өзінің үндеуін жіберуі үшін құрылғыны жасаушылар «Secugen» деп аталатын саусақ ізін биометриялық сканерді ұсынады. Бұл жай ғана бағдарлама емес – бұл мекемедегі барлық сотталғандардың саусақ іздері мен анықтамалық деректері енгізілетін база. Шағым мен өтінішті сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтар өздері ресімдейді, олар өздерінің дербес деректерін енгізіп, оларды саусақ іздерімен растайды- дейді жауапты маман А.Бердібек.                                                                                             

- Бүгін мен, жеке  ісім бойынша, Қызылорда облыстық прокаратурасына  арызымды жолдадым.  Ол үшін бөгде жанның қатысуынсыз, алдымен  дербес деректерімді енгізіп, саусақ іздерімді растап, терминалдан 1523 сандық түбіртегін алдым. Бұл түбіртек өтінішімнің қарау кезегі болып саналады. Осылайша мен,  құқықтық қажеттілігіме  автоматтандырылған, оңтайландырылған электронды жүйеде  қолжеткізіп отырмын. Мекеме басшылығына жүгінбей-ақ, бұндай ашық рәсімді пайдаланғаным жеке құқығымның сақталғаны деп білемін, - дейді Ғ. есімді сотталған. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив