Жыл басынан бері Петропавлда 500-ге жуық тыныштықты бұзу тіркелді

Жыл басынан бері Петропавлда 500-ге жуық тыныштықты бұзу тіркелді

Түнгі шу - көршілер үшін алаңдаушылық тудырады. Жұмыс күнінен кейін тыныштықта демалуды қажет ететін адамдар, көбінесе қарттар немесе балалар көрші пәтерде шулы отырыстар болып жатқан жағдайда ұйықтай алмайды. Көбінесе тыныштықты бұзу мәселесі жалдамалы пәтерлермен байланысты. Пәтер бюросының әкімшілері клиенттерге түнгі шу үшін әкімшілік жауапкершілік туралы, сондай-ақ егер ол бұзылған жағдайда, олардың пәтерден шығарылатындығы туралы ескертеді. Дегенмен, сағаттық пәтерді жалға алушылардың ескертулерді елемей жататындығы сирек құбылыс емес.

Бір жағдайда ашуланған көршілер сағат түнгі 03:00 шамасында полицейлерге Амангелді көшесіндегі жалдамалы пәтерде кәмелетке толмағандардың бар болуы мүмкін екенін айтып, қоңырау шалды. Бұл қоңырау ювеналды полиция қызметкерлерімен дер кезінде тексерілді. Шынында да, қысқа мерзімді жалға берілетін тұрғын үйде 12-16 жас аралығындағы 13 жасөспірімдердің тобы табылды. Белгілі болғандай, олардың барлығы ата-аналарын туыстарында немесе достарында түнейтіндерін айтып, алдаған. Түн уақытында ата-аналар балаларын полиция бөлімінен алып кетуге мәжбүр болды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін хаттамалар жасалды.

"Естеріңізге сала кетейік, тыныштықты бұзу жұмыс күндері сағат 22:00 — ден 09:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейінгі уақытта - жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жыл басынан бері Петропавл қ. ПБ қызметкерлері 22:00 сағаттан кейін шуға байланысты келіп түскен 480 қоңырауға қызмет көрсетті. Осы саннан 144 шығу — яғни үштен бірі дерлік — жалдамалы тұрғын үй мекен-жайлары бойынша жасалған". 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/petropavl-politsiyasynda-zhyl-basynan-beri-500-ge-zhuyq-tynyshtyqty-buzu-deregi-tirkeldi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив