Жамбылда ПД бастығы облыс аудандарына барып тұрғындарды қабылдауда

Жамбылда ПД бастығы облыс аудандарына барып тұрғындарды қабылдауда

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды. 

Арманбек Хакимбекұлы кездесу барысында бүгінде ішкі істер органдарына ауқымды міндеттер қойылғанын, оның ішінде полицияның қоғаммен өзара тиімді байланысы алдыңғы қатардағы талаптар екенін атап өтті. Бұл диалогты құру маңызды. 

Сондықтан, бірінші кезекте ПД бастығы аудан тұрғындарымен кездесті. Жеке қабылдауға 10-нан астам тұрғын келді. 

Келіп түскен өтініштерді барынша толық қарау үшін қабылдауға аудандық полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасарлары қатысты. 

Азаматтар полиция генерал-майорына қылмыстық істерді тергеу, азаматтық алу, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар сынды түрлі мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау барысында түскен барлық мәселелерді ПД бастығы бақылауға алды, олардың басым бөлігі кездесу барысында шешілді. 

Соңғы бірнеше аптада ПД бастығы облыстың он ауданының төртеуінде осындай форматта кездесулер өткізді. Мұндай іс-шаралардың басты міндеті - полиция жұмысының ашықтығы, сервистік модель қағидаттарын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы азаматтардың пікірін зерделеу болып табылады. 

"Біздің жұмысымыздың басты бағыты – жергілікті халықтың проблемалары. Тұрғындармен осылай тікелей сұқбаттасу арқылы мәселелердің тез арада заңды шешу жолдарын бірге анықтаймыз. Азаматтардың пікірін тыңдап, қазіргі уақытта халықты алаңдатып отырған жағдайлар туралы біле аламыз",-деп атап өтті кездесу соңында полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив