Өткен жылы Жамбыл облысы ПД бастығы 270 адамды қабылдады
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин кезекті рет азаматтарды қабылдады.
3 сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында Департамент бастығына 20 тұрғын жүгінді. Азаматтардың алаяқтық, ұрлық, қылмыстық істердің созбалаңға салынуы, кадр саясаты, қызметкерлердің әрекетсіздігі деректеріне қатысты түрлі мәселелері қаралды.
Қабылдауға ПД бастығының орынбасарлары, бөлініс бастықтары қатысты, оларға Арманбек Баймурзин бірқатар нақты фактілер бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды. Қосымша зерттеуді қажет ететін іс материалдары генерал-майордың жеке бақылауына алынды. Әр сейсенбі сайын ПД бастығы азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың есептерін тыңдайды.
- Мұндай кездесулер өзекті мәселелерді анықтау және шешу, елдің қолданыстағы құқық нормаларын, ІІО реформаларын түсіндіру, атап айтқанда, «қадамдық қолжетімділік» қағидатын, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу үшін маңызды. Сондай-ақ бізге шешімі Полиция департаментінің құзыретіне кірмейтін мәселелермен де келеді. Бізге әрбір өтініш берушіні тыңдау маңызды, сондықтан мұндай жағдайларда құқықтық кеңес береміз, - деді Арманбек Баймурзин.
Өткен жылы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы 270 адамды, ПД бастығының орынбасарлары – 100-ге жуық, 10 аудандық полиция бөлімінің бастықтары – 800-ге жуық азаматты қабылдаған болатын.
[xfvalue_img]