"ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА ЖАҢА АВТОБУСТАР САТЫП АЛУҒА СУБСИДИЯ БӨЛІНЕДІ"

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекті қабылдауы шеңберінде жаңа автобус паркін сатып алуға субсидия төлеу мәселесі бойынша Қостанай қаласында жолаушылар автобусымен тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер жүгінді.

Өткен жылы субсидиялар төлеу қажеттіліктің 60% көлемінде болды. Мәселен, автобсутар паркі ескірген, ал жаңасын сатып алу үшін операторларда айтарлықтай қаражат жоқ.

Осыған байланысты жергілікті Антикор, Кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесіп жолаушылар тасымалы мәселесін талқылау бойынша автоөнеркәсіп басшыларымен кездесу өткізді.

Қорытындысы бойынша қалалық әкімдік өзіне кепілгердің міндеттемелерін жүктеуді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде сатып алынатын техника үшін автобустардың жалпы құнының 20% мөлшерінде аванс енгізуді және отандық өндірісте 54 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша тасымалдау үшін субсидиялар жолаушыларды автобуспен тұрақты тасымалдауға бекітілген тариф арасындағы айырманың 80% мөлшерінде төленетін болады. Жергілікті атқарушы органдарының қатысуынсыз автобустарды сатып алған және аванстық жарнаны өз бетінше енгізген жағдайда субсидиялар тасымалдаушыларға толық 100% көлемде төленетін болады. 

ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив