СҚО полицейлері заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдікті жауапкершілікке тартты (видео: https://youtu.be/h2r-J8EXSvI)

СҚО полицейлері заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдікті жауапкершілікке тартты (видео: https://youtu.be/h2r-J8EXSvI)

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының екі азаматы жүзеге асырған заңсыз діни қызметті тоқтатты. Олардың Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның ізбасарлары екені анықталды. Олар 2022 жылдан бастап облысқа келіп жүрген уақыттан Петропавл тұрғындарын өз ұйымдарының өміріне тартып, «жанның тазаруы болады» деп уәде берген. Осы ұйымға адамдарды ізбасарлар мен мессенджерлер арқылы тартқан. Қылмыскерлер – 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел — Я.Гашек көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұсталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-бабының 10-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Осы баптың 10-бөлігінде тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу туралы жазылған, - дейді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. Аталған баптың санкциясына сәйкес бұл үшін елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Бұл ұйым Ресей Федерациясында тоталитарлық деп танылып, бүкіл аумағында оның әрекетінен тыйым салынған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттерін одан әрі тексеру жүргізілуде». 

СҚО  ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив