СҚО-да интернет-алаяқтардың Сергеевка қаласынан «көлік сату» туралы хабарландырулары жиілеп кетті

СҚО-да интернет-алаяқтардың Сергеевка қаласынан «көлік сату» туралы хабарландырулары жиілеп кетті

Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында «автокөлік сату» туралы хабарландырулармен байланысты интернет-алаяқтық фактілері қайта пайда болды.

Қаскөйлер интернет кеңістігінде ұсталған автокөліктер сату туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Әдетте ол 1990 жылдары шыққан шетелдік маркалы автокөліктер. Әрі тек WhatsApp арқылы хабарласуды сұрайды. Әңгіме барысында ауданда ұялы байланыстың нашар екенін және соның салдарынан бейнеқоңырауға жауап бере алмайтынын себеп қылады. Бұдан бөлек, арзанырақ баға ұсынады, кішкентай баласының науқас екенін алға тартып, ақшаға өте мұқтаж екенін айтады. Сенімге кіріп алдын ала төлем алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатады. Ал жәбірленушілер Шал ақын ауданының орталығына келіп, уәде етілген көлікті іздейді, бірақ аталған мекенжайда мүлдем көлігі жоқ адамдар тұратынын байқайды.

«2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялағаннан кейін мұндай жағдайлар тоқтады, - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Енді биыл айлакерлер баяғы әдетіне қайта басты. Соның нәтижесінде 2 факті тіркелді. Егер сатушының адалдығына толық сенімділік болмаса, адамдардан алдын ала төлем жасауға келіспеуін сұраймыз. Бейнеқоңырау арқылы сөйлесуді талап еткен жөн. Алаяқтар әдетте бет-әлпетін жасырып, сөйлесуге келіспейді».

Солтүстікқазақстандық полицейлер қолданатын интернет-алаяқтықпен күрес әдістерінің бірі – алаяқтық белгілері бар хабарландыруларды анықтау үшін веб-кеңістікке мониторинг жүргізу. Өткен жылы қылмыскерлер СҚО тұрғындарының сеніміне кіріп танымал хабарландыру сайттары мен әлеуметтік желілерде адамдарды 343 рет сан соқтырған. Олар негізінен OLx.kz сайтында айлаларын іске асырған. Мұндай 183 факті тіркелді. Ал Instagram қолданушыларын алаяқтар 83 рет алдаған. Веб-ресурстарының халық арасында танымал болып, жұмысының дұрыс болуын қадағалап отыратын әкімшілер ынтымақтастыққа дайын. Өткен жылы kolesa.kz, krysha.kz, Olx.kz хабарландыру сайттарында, Instagram желісінде 1430 хабарландыру тексерілді, оның 267-сі жалған деп бұғатталды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/ru/sluchai-prodazhi-moshennikami-avtomobilej-v-sergeevke-vnov-poyavilis-v-sko/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив