СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен астам ұсыным әзірледі

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен астам ұсыным әзірледі

Петропавлда облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында 2022 жылы жергілікті атқарушы органдар қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қорытындылары, сондай-ақ өңір халқын аса алаңдататын салалардағы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері қаралды.

Өз сөзінде облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Сергей Перов сыртқы талдау қорытындылары бойынша анықталған проблемаларға тоқталып, жоғарыда аталған саланы белсенді цифрландыру қажеттігін атап өтті. Цифрлық шешімдерді енгізу барлық рәсімдердің барынша ашықтығы мен оңтайландырылуын қамтамасыз етеді, азаматтардың көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін кеңейтеді, халық пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттырады.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа бөлінетін қаражаттың тиімділігі мен уақтылы игерілуі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың айқын маңыздылығына қарамастан, өткізілетін іс-шаралардың сапа деңгейі төмен болып қалуда.

Осы бағыттағы жұмыс нәтижелеріне баға бере отырып, Сергей Перов мемлекеттік қызметшілердің жеке қатысуы, жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын түсіну, халықты құқықтық ағарту ісіне шығармашылық көзқарас іс-шаралардың жоғары сапасының кепілі болатынын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алуды уақтылы жоспарлау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей бастау ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов қатысушыларды ТКШ және автомобиль жолдары саласындағы қызметті талдау қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырды. Өз баяндамасында ол 2023 жылы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство үшін басым бағыттардың бірі тұрғын үйді бөлудің заңдылығы мәселесі болатынын атап өтті.

«Біз осы саладағы бизнес-процестерді қайта құрылымдау және оңтайландыру, сондай-ақ цифрландыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгіздік. Рәсімдерді автоматтандырудың жеткіліксіздігіне байланысты тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтар көбінесе олардың мәселелерінің оң шешілгені туралы уақтылы хабардар етілмейді, сондықтан олар бізге жүгінуге мәжбүр», - деді А.Жүнісов.

Ведомствоның тікелей қатысуымен облыстың екі тұрғынының құқықтары қалпына келтірілді.

Талдау жұмысының нәтижелері бойынша барлығы 37 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 83 ұсыным әзірленді.

Қорытындылай келе, өңір басшысы Айдарбек Сапаров жергілікті атқарушы органдар басшыларының назарын олардың жұмысының тиімділігін бағалауда қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың рөлін арттыруға аударды, сондай-ақ барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тиімді жоюға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарын орындауға дереу кірісуді тапсырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив