ҚТК кепілдігі қолжетімді болды. Құжаттар тізімі екі есе қысқарды

ҚТК кепілдігі қолжетімді болды. Құжаттар тізімі екі есе қысқарды

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №432 бұйрығына өзгерістер күшіне енді, онда бірыңғай оператор – «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігін алу үшін құжаттар 2 есе қысқартылды.

«Біз бизнеспен бірқатар кездесулер өткіздік, артық талаптарды алып тастадық, қарапайым және ашық рәсімдерді енгізіп жатырмыз. Әзірлеушілер өз өтінімдерін портал арқылы тұрақты негізде онлайн тапсыра алады және жеке кабинеттер арқылы статустарын бақылап отыруға болады. Барлық кезеңдерде цифрлық із қалады».

«Биыл біз 1 трлн. теңге межесінен өтеміз. Шағын және орта компаниялар, әсіресе өңірлердегі компаниялар біздің кепілдігімізді алу мүмкіндігіне ие болуы үшін заңнамалық талаптарды төмендету бойынша жұмыс істеудеміз. Егер жоба бойынша дефолт орын алса, онда ҚТК өз қаражаты есебінен тұрғын үйдің құрылысын аяқтайды және оны үлескерлерге береді, азаматтардың қаражатының 100% сақталуы қамтамасыз етіледі», - деп түсіндірді төраға орынбасары Олжас Салықов.

Кепілдік беру тетігі арқылы барлығы 862 млрд. теңгеге 178 жоба мақұлданды. Бұл елдегі 53 мың үлескердің салымдарын қорғауға мүмкіндік берді.

Бұйрықпен және құжаттардың толық тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады:

https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=33736570&pos=0;0#pos=0;0 .

 «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив