Таразда атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген орын табылды

Таразда атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген орын табылды

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында бір күнде атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген жасырын екі орынды тапты. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Тектұрмас» кешенінің аумағында цемент бетондардың астынан қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған тапанша табылып, тәркіленді. 

Сондай-ақ, 9 мм калибрлі 5 жауынгерлік патроны бар «ПМ» маркалы тапаншаның оқжатары, нөмірлері өшірілген 12 мм калибрлі екі ұңғылы тегіс ұңғы аңшы мылтығы табылды. 

Сол күні Ниетқалиев көшесінде орналасқан аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде 05.01.2022 жылы Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 7,62 мм калибрлі «Benelli SAT 13299» мылтық карабині табылды. 

Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арасында белгісіз маркалы газ револьвері, 5,45 мм калибрлі 43 патрон, 7,62 мм калибрлі 17 патрон, сақтандырғышы бар жарық-шу гранатасы, 5 қол газ гранатасы болды. 

- Екі дерек бойынша да сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды іздеу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив