Жамбылдық полицейлер 8 қару, граната және 400-ге жуық патрон тапты
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 2022 жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орнын анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Жамбыл облысының аумағында 8 қару, , гранаталар, түтінді жарғыштар және 397 түрлі калибрлі патрондар табылып, тәркіленді. Олардың ішінде автомат, 6 тапанша, 1 тегіс ұңғылы шолақ мылтық бар.
Мысалы, 2022 жылдың 29 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен үйінде сақталған атыс қаруын өз еркімен берген Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны анықталды. Қару-жарақтың ішінде 4 "Макаров" тапаншасы, MТ-ның 9 оқ жатары, 7,62 калибрлі 120 патрон және 12 калибрлі 11 патрон болды. Ер адам келу міндеттемесімен жіберілді.
Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адамның, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
[xfvalue_img]
7 пікір