«SalyqBot»-та жедел көмек қызметтері қосылған

«SalyqBot»-та жедел көмек қызметтері қосылған

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «SalyqBot»-та шотты бұғаттан шығару және жеке тұлғалардың салықтары бойынша жедел көмек көрсету қызметтері қосылғанын хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің «Salyqbot» Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметі іске қосылды: «Шотты бұғаттан шығару» және «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек».

Бұл қызметтер «бір рет басу» арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген қызметтер бойынша «Salyqbot» пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.

Бұл қызметтерге кіру үшін https//t.me/SalyqBot?start=arrest («Шотты бұғаттан шығару»), https//t.me/SalyqBot?start=naloq («Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек») сілтемелеріне өту қажет.

Немесе автоматты түрде «Salyqbot» қосымшасына аударылатын QR-кодты пайдалану жеткілікті. Телефон камерасын немесе кез-келген браузердің камерасын (Google, Yandex және т.б.) QR-кодқа бағыттаңыз.

Осылайша, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарымен байланысының тағы бір арнасы пайда болды. Енді ақпаратты 1414 (3) Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер органдарына бару арқылы ғана емес, сонымен қатар онлайн сілтемелер мен QR-коды арқылы оңай және қарапайым түрде ала аласыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Ollie 22 августа 2023 00:53

    Hey there! Would you mind if I share your blog with my twitter group?
    There's a lot of folks that I think would really enjoy your
    content. Please let me know. Many thanks

    My homepage: Donnell

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив