«SalyqBot»-та мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін қызметтерді және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауға долады
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында Telegram «SalyqBot»-та «Мемлекеттік қызметтер бойынша» және «Сыбайлас жемқорлық туралы» сауалнама сұрақтары орналастырылғанын хабарлайды.
Бұл сауалнамалар тек «SalyqBot» тіркелген пайдаланушылары үшін қол жетімді. Бұл сауалнамалар салық төлеушілерге мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін «SalyqBot»-тың тіркелген пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді. Сондықтан да, Telegram «SalyqBot»-қа тіркелмеген пайдаланушылар автоматты түрде тіркеліп, аталған сауалнамаларға қатысып, мемлекеттік қызметтің сапасының артуына үлес қосуға шақырамыз. Осы сауалнамаларға кіру үшін: https://t.me/SalyqBot?start=opros_gos («Мемлекеттік қызметтер бойынша сауалнама»), https://t.me/SalyqBot?start=opros_korup («Сыбайлас жемқорлық туралы сауалнама») сілтемелер бойынша өту жеткілікті.
Немесе «SalyqBot» қосымшасына автоматты түрде жүргізілетін QR-кодтар арқылы телефонның камерасын немесе кез-келген браузердің камерасын (Google, Яндекс және т.б.) бағыттаңыз.
Сауалнама нәтижелері Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады. Сауалнамаға қатысыңыз! Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
[xfvalue_img]