Қызылорда облысының оқушылары Қостанай академиясымен танысты

Қызылорда облысының оқушылары Қостанай академиясымен танысты

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Мұрат Аманат және ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Замира Бостанова Қызылорда қаласындағы бірнеше мектепте болып, 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Шараның басты мақсаты - ІІМ Ш.Қабылбаев  атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.

  • Мектеп оқушыларының назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндірді. Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет  лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады ,- деді Мұрат Аманат.

Кездесу соңында оқушыларға Қостанай академия жайында шағын бейне ролик көрсетіліп, оқуға шақыру жадынамасы таратылды.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив