ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ТУЫНДЫ

ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ТУЫНДЫ

Қазақ кино өнерінің көрермендері бұрын көп қозғалмай жүрген тақырыптағы ерекше фильмді тамашалайтын күн алыс емес.

Жақында «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» ҚЕАҚ мекемесінің қолдауымен «Дала қорғаушысы» атты дебюттік қысқаметражды фильм жарыққа шықпақ. Ол туынды табиғат қорғау инспекторларының қызмет барысында кездесетін қиындықтары жайлы баяндайды.

Одан бөлек, фильмде аға буын мен кіші буынның қарым-қатынасы, әділеттілік, ар-ұят секілді мәселелер де қозғалады.

Ал енді шығарма сюжетіне тоқталатын болсақ, оқуын жаңадан бітірген Жарас атты жас маман инспектор қызметін атқаруға кіріседі. Сол жақта есімі жергілікті өңірде өте танымал Асылбек деген тәжірибелі маманмен танысады. Олардың қызық та қиындыққа толы қызметтері шытырман оқиғаларға ұласады. Айдалада браконьерлердің соңына түскен олар әр түрлі жағдайларға тап болып, бұл басты кейіпкерлер жан-жақты қырларынан ашылады.

Фильмнің басты идеясы – жайшылықта жұрт аса мән бере қоймайтын табиғат қорғаушыларының өмірін тереңдеп көрсету болып табылады. Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері Сая Омар бұл орайда өзінің алдын-ала мейлінше ізденгендігін көрсеткен. Фильмнің оқиғалары шынайылығымен ерекшеленеді. Фильмде әсіресе табиғат көріністері тартымды түсірілген.

Фильмдегі маңызды тақырып – «Қызыл кітапқа» енген, халқымыз үшін киелі саналатын ақбөкендерді заңсыз түрде атып, одан пайда алу үшін, тіпті оның мүйізін сатуды кәсіпке айналдырған браконьерлердің бетімен кеткендігі қаз қалпында баяндалады.

Аталған фильм Бартоғай су қоймасының маңайында және Шарын шатқалында түсірілді.

Бұл жобаны жүзеге асыруға талантты актерлер – Әсет Иманғали мен Дидар Төлеген, продюсерлер – Зарина Кисикова және Бану Рамазанова, оператор – Сардар Баймолдин, қоюшы-суретші – Жамбыл Құрмаш, костюм бойынша суретші – Абзал Сейдін, дыбыс режиссері – Илья Гариев, композитор – Ақмарал Мерген, және басқа да бірқатар мамандар ат салысты.

Айта кетейік, қысқаметражды бұл фильм биылғы жылдың екінші жартысында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген байқаудың жеңімпаздары қатарынан орын алып, мемлекет тарапынан қаржыландыруды ұтып алған болатын. Фильм түсірілімі «ZENtertainment» ЖШС арқылы (бас директоры З.Кисикова) жүзеге асты.

Табиғат қорғау тақырыбындағы бұл фильмнің режиссері Сая Омар болашақта өзінің осы фильмі арқылы халықаралық кинофестивальдарға қатысуды жоспарлап отыр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив