2022-2023 оқу жылы «Мирас» халықаралық мектептерінің  жоғары сыныптарында оқуға 17 оқушы грант алды

2022-2023 оқу жылы «Мирас» халықаралық мектептерінің жоғары сыныптарында оқуға 17 оқушы грант алды

2022 жылғы 6-7 қазанда «Халық» қайырымдылық қоры» жеке қоры мен «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ құрған Астана және Алматы қалаларының «Мирас» халықаралық мектептерінде оқуға гранттар табыс етілді.

2022 жылғы сәуір-тамыз айлары аралығында «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ 2022-2023 оқу жылына арналған 9-11 сынып оқушылары үшін Астана және Алматы қалаларының «Мирас» халықаралық мектептерінде оқуға гранттар алуға II ашық конкурс өткізді.

Конкурсқа 146 үміткер тіркелді, 110 қатысушы тестілеуден өтті (74 оқушы Алматыда және 36 оқушы Астанада).

«2022-2023 оқу жылы оқуға гранттар алуға арналған конкурсты өткізу ережелеріне» сәйкес Астана және Алматы қалаларының «Мирас» халықаралық мектептерінде конкурстық іріктеуде мейлінше жоғары нәтижелер көрсеткен студенттер таңдалды.

«Халық» қайырымдылық қоры» қызметінің басым бағыттарының бірі - еліміздің үздік білім беру мекемелерінде білім алу үшін гранттар бөлу арқылы талантты және дарынды жастарды қолдау болып табылады. «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ-дан 100% грант иегерлері Бисембі Досжан, Назар Беркімбай, Ықыласбеков Мирас, Муслимов Әбубәкір болды.

«»Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ-дан 50%-дық оқу грантын алуға үміткерлер Рысалиев Алижан, Тұрғанова Жәния, Мұхаметқалиев Эльхан, Қайшыбаева Әлкен, Борисов Лев және Серікбек Лола болды. Сондай-ақ «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ-дан 30%-дық грантты Сапарбеков Тайыр, Бекеева Жансая, Майтеков Жәңгір, Таранова Камиля, Тұрғанбаева Аружан, Серікқали Абдрахман және Аманжол Айсана алды.

Конкурс қорытындысы бойынша биылғы оқу жылы 17 грант бөлінді.

  • • •

«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ филиалдары Астана және Алматы қалаларындағы «Мирас» мектептері 1999 жылы құрылған. Мектептер Халықаралық мектептер кеңесімен (CIS) аккредиттелген. «Мирас» халықаралық мектептері Халықаралық Бакалавриаттың (IB) үш бағдарламасы бойынша авторлық рұқсатқа ие.  Бұл мәртебе түлектерге әлемдегі ең үздік университеттер мен колледждерге түсуге мүмкіндік береді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив