Қазақстандық оқушылар халықаралық ұйымның  мойындауына ие болды

Қазақстандық оқушылар халықаралық ұйымның мойындауына ие болды

Халықаралық мектептердің Еуропалық кеңесі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының  4 оқушысына «Мәдениетаралық түсіністік үшін» марапатын ұсынды.

«Мирас» мектептерінің оқушылары Ерғожа Ғасыр, Лебедева София, Иманбаев Әміржан, Кубашева Айлин, халықаралық өзара түсіністікті ілгерілеткені үшін «For International Understanding 2022» ECIS сертификаттарымен марапатталды. Аталған марапат жыл сайын халықаралық мектептердің үздік студенттеріне беріледі.

Еуропалық Халықаралық Мектептер Кеңесі (ECIS) - бұл мұғалімдердің біліктілігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, басқарма және тәуекелдерді басқару бағытындағы мектептерді қолдайтын, сондай-ақ гранттар мен марапаттар ұсынатын жаһандық коммерциялық емес ұйым. Ұйымға алты континенттің 80-нен астам еліндегі 500 мүшелік қауымдастық, 65 000 ынталы педагогтар мен көшбасшылар кіреді.

«Біз оқытушылар мен студенттердің бірлесе және бір-бірінен үйренуіне мүмкіндік жасауға тырысамыз. Осы мақсатта іс-әрекет еркіндігі мен өзіндік тиімділікті ынталандыратын тәлімгерлік бағдарламалар ұсынамыз. Біз барлығына құрметпен қатынас жасайтын және мүмкіндіктерге тең қол жетімді әлем құруға тырысамыз. Мейірім мен қамқорлыққа толы саналы ілгерілеу туғызамыз» - Кам Чохан, ECIS атқарушы директоры.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив