Елордада жастар марафонына 200-ден астам адам қатысты

Елордада жастар марафонына 200-ден астам адам қатысты

«Триатлон» саябағында өткен жарыс 14-29 жас аралығындағы әуесқой спортшыларды жинады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Жастар марафоны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алматы» студенттер альянсы» КҚ жүзеге асыратын «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонның негізгі мақсаты – ел жастарын салауатты өмір салтын жүргізуге баулу.

«Бүгінгі марафон кейбір қатысушылар үшін рекордтарға жетелейтін алғашқы қадам, басқалары үшін өз күшін тексерудің амалы болды. Біз жас қазақстандықтардың өз демалыс күнін денсаулыққа пайдалы іспен өткізгені үшін шын жүректен қуаныштымыз», - дейді жоба үйлестірушісі Азат Теңгебаев.

«Триатлон» саябағындағы марафонда 14-29 жас аралығындағы 200 қатысушы күш сынады. Жігіттер мен қыздар арасынан үздік шыққандар алты финалист ақшалай сертификаттарға ие болды.

Әлеуметтік жоба аясында әскери-патриоттық мұражайларға экскурсиялар, ардагерлермен кездесулер, зияткерлік ойындар, патриоттық акциялар мен шығармашылық конкурстар сияқты маңызды іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив