Оқу жылы қарсаңындағы күйзеліс пен оның салдары

Оқу жылы қарсаңындағы күйзеліс пен оның салдары

Алматы, Қазақстан, 1 қыркүйек 2022 жыл. Оқу жылының басталуы оқушылар үшін сондай ақ студенттер үшін де қобалжитын сәт, алайда жаз айындағы демалыстардан кейін жаңа белсенді режимге бейімделу оңай емес. Академиялық жылдың қарсаңында Санофи компаниясы, адамдардың өмірін жақсарту үшін ғылымның ғажайыптарын бағындырудағы өз мақсатына ере отырып, балалар мен жастардағы күйзелістің белгілеріне аса көңіл аударуға және дер кезінде профилактикалық шараларды қолдануға шақырады.

Сабақ барысы кезінде барлық балалар жаңа міндеттер мен жүктмелерді бірдей атқара алмайды, себебі әр баланың жеке психофизикалық ерекшеліктері бар. Кешенді зерттеулердің мәліметтері бойынша, балалардың 70%-дан 100%-ға дейінгісі мектепте алаңдаушылықты бастан кешіреді, оның ішінде өзін-өзі көрсетуге деген сенімсіздік, білімді тексеру алдындағы алаңдаушылық, мұғалімдермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа алаңдаушылық [1]. Сонымен қатар, оқушылардың 26,5%-нан 48%-ға дейінгісінде  мазасыздықтың жоғарғы дейгейі байқалады. Бірінші сынып оқушыларының арасындағы жоғары мазасыздық олардың жартысына жуығында байқалады, екінші сыныпта бұл көрсеткіш аздап төмендеп, 32,8%-ға дейін, ал үшінші оқу жылына қарай қайтадан 55,2%-ға дейін көтеріледі [1].

Балалар мен жастардағы мазасыздықтың қандай қаупі бар? Біріншіден, ол оқу үлгеріміне әсер етеді: күйзеліске көбірек ұшырайтындарды эмоционалды тұрақты құрдастарымен салыстырғанда, есте сақтау қабілеті, қабылдау зейіні және ақпаратты өңдеу жылдамдығы баяу болады [1]. Екіншіден, мұндай оқушылар оқуға баяу бейімделіп, ЖРВИ-мен (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) көбірек ауырады, ұйқысының бұзылуы, сіңірдің тартылуы, абдоминальды және бас аурулары, асқазан-ішек жолдарының жұмысында проблемалар болуы мүмкін[2].

Қуаныш Оспанов

Орталық Азия бойынша рецептісіз босатылатын денсаулыққа арналған дәрілер мен тауарлар бизнес-бөлімшесінің Бас менеджері

Оқу жылының басталуы – бұл айтарлықтай қарқынды және шиеленіскен кез, ал ішкі тыныштықты сақтау – оңай шаруа емес, айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады, себебі күйзелістік жағдайлар адамның жалпы жағдайына, сондай ақ органимзнің жекелеген жүйелеріне теріс әсерін беруі мүмкін. Мысалы, оқу процесі кезінде балалардың көбінесе көру, жүрек-тамыр және орталық жүйке жүйелері көбірек жұмыс істейді және олар эмоционалдық күйзеліс туындаған патологияларды дамыту қаупіне ұшырайды. Мәселен, Ресейдегі Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау институтының жүргізген зерттеуінің мәліметтері бойынша, бірінші оқу жылында үрейі бар балаларда көру қабілетінің төмендеуі 2 есеге ұлғаяды, ал үрейдің қалыпты деңгейі сақталған балаларда көру қабілеті нашарламайды. Осы себепті Санофи компаниясы ең үлкен эмоционалды қысым кезінде күйзелістің әсерін азайту үшін алдын алу шараларын қолдануды өте маңызды деп санайды.

Білім алушырдың физикалық және менталды денсаулығына күйзелістің әсер етуін қалай бақылауға және алдын алуға болады? Студенттер арасында жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша ЖОО-на түсу кезінде ситуациялық және жеке алаңдаушылық  деңгейі жоғарылайды, организмге магнийдің жетіспеушілігі және қалыпты деңгейі бар студенттерде бірдей көрсеткіштермен ерекшеленеді - 63% тиісінше 11%-ға  қарсы. [3].

Студенттер арасында жүргізілген тағы бір зерттеу көрсеткендей, құрамында магний бар препараттарды қабылдаған жастарда, оқу барысы мен сессияға дайындық кезінде көбейетін шиеленіске қарамастан, мұндай препараттарды қабылдамаған, күйзеліс жағдайына түскен топпен салыстырғанда, оларда күйзелістің деңгейі өзгермейді [4]. Магний тапшылығы бар студенттердің жағдайының нашарлауы психологиялық жетіспеушілік белгілерімен бірге жүреді: эмоционалдық шиеленіс, жалпы жағдайдың төмендеуі, мазасыздықтың жоғарылауы, депрессия белгілері және ұйқының бұзылуы [5]. Денедегі магнийдің қалыпты мөлшері бар дені сау адамдарда да ауыр күйзеліс жағдайына түскен кезде, оларда келесі күні бұл микроэлементтің жетіспеушілігі байқалады [5]. Бұл, өз кезегінде, әлсіздік, шаршау және депрессиялық көңіл-күйді тудырады [5].

Магний жетіспеушілігі адамның күйзелістік жағдайларымен жиі бірге жүреді. Магнийге тәуліктік қажеттілік қамтамасыз етілсе, органимзнің эмоционалды күйзелістерге төзімділігі артады [5]. Құрамында магний бар препараттардың көпшілігінде қолданылатын магний цитратының түрі ең жоғары биожетімділікке ие, сондықтан тиімдірек болады [5]. Магний тапшылығын уақтылы түзету дененің төзімділігін арттырады, күйзеліс факторларының зиянды әсерін жеңілдетеді, сонымен қатар созылмалы күйзелістен туындаған патологиялардың алдын алады [6]. Сонымен бірге бұл микроэлемент күйзелістің эмоционалдық және физикалық көріністеріне әсер етіп, ауру белгілерін жеңілдетіп қана қоймайды, сонда-ақ организмнің күйзеліске төзімділігін арттырады [7,8].

Өзіңіздің эмоционалдық күйіңізді сақтау үшін мамандар келесідей ұсыныстарды орындауға кеңес береді: ұйқы режимін бақылау, үзіліссіз түнгі ұйқыны сақтау, дәрумендер мен микроэлементтері бар пайдалы тағамдарды жиі және аз мөлшерде тұтынуға артықшылық беру, сонымен қатар орташа тұрақтылықтағы және қарқынды жүктемедегі дене жаттығуларына уақыт бөлу [1].

 Эмоциялық салауаттылықты сақтау бүкіл организмнің қалыпты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Сондықтан, біздің компания күйзеліс белгілеріне, әсіресе оқу жылының басталуы сияқты ең үлкен күйзеліс кезеңдерінде назар аударуды ерекше маңызды деп санайды. Медицина мамандарының ұсынымдарын орындау, сондай-ақ көрсетілген болса, құрамында магний цитраты бар препараттарды қабылдау күйзеліс белгілерін жеңілдетуге, сондай-ақ дененің күйзеліске төзімділігін арттыруға көмектеседі [7,8].

Санофи туралы

Біз денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін және бір мақсатпен жұмыс істейтін инновациялық жаһандық компаниямыз: біз адамдардың өмірін жақсарту үшін ғылымның ғажайыптарын түсінуге тырысамыз. Біздің 100-ге жуық елде жұмыс істейтін қызметкерлеріміз мүмкін болмайтын әдеттегі медициналық практиканы жетілдірумен айналысады. Біз әлемдегі миллиондаған адамдарды қорғау үшін емдеудің инновациялық нұсқаларын және өмірлік маңызды вакциналарды жасап жатырмыз. Бұл ретте біздің барлық қызметіміз орнықты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарының төңірегінде құрылады.

 

Мухтарали Ибраев | Коммуникациялық жобалар жөніндегі маман

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив