Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығы ЗК-169/5 мекемесінде қызметін атқарып жүрген жас сарбаздармен кездесу өткізді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығы ЗК-169/5 мекемесінде қызметін атқарып жүрген жас сарбаздармен кездесу өткізді

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5547 әскери бөліміндегі жаңадан ант қабылдаған жас сарбаздарымен кездесті.

Кездесу барысында Шаймерден Тәжіқұлұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөзімен бастап, Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі, қайсарлықтың көрінісі деді. Әскер сендерді тәртіпке, жүріп-тұруға, қару ұстауға, бұйрыққа бағынуға, бірлесіп қызмет жасауға үйрететін нағыз ер-азаматтардың мектебі. Сондықтан темірдей тәртіпке бағынып, Отанға адал болып, отансүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсетіңіздер. ҚАЖ мекемесіндегі тыныштық пен тәртіптің сақталуы – ең алдымен қарауыл күзетінде қалтқысыз қызмет атқаратын қырағы жауынгерлеріміз сіздерге байланысты. Сотталғандармен байланысқа түспей, күні-түні қырағылық пен қауіпсіздікті сақтап, мекеменің ішіндегі тәртіпті бақылап, қадағалап, заңдылықты қатаң сақтап, жүктелген жауапкершілікті жоғары деңгейде атқарыңыздар. Қылмыс жасап, сотталғандардың не ойлап жүргені өздеріңе ғана белгілі. Сондықтан да ҚАЖ мекемесін күзететін әрбір сарбаз қауіптің бетін қайтару үшін ережеге сай қимылдап, кез келген тосын оқиғаға үнемі дайын жүруі қажет»,- деді департамент бастығы.

«Әрбір ер-азаматтың туған елі, Отаны алдында бас тартуға болмайтын абыройлы міндеті бар. Ол – Отан қорғау. Мен туған елім, жерімнің алдындағы парызымды осы Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінде өтеудемін. Әскери ант қабылдадым. Әскери борышымды өтей жүріп, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға, сабырлы, шыдамды болуға дағдыландым. Сонымен қатар шапшаң қимылдауды, бастаған ісін кейінге қалдырмай, соңына дейін апаруды үйрендім. Қазіргі таңда ЗК-169/5 ҚАЖ мекемесінің аумағын бақылап, қадағалаймыз. Менің азаматтық борышым – Отаныма абыроймен қызмет ету»,- деп бөлісті жас сарбаз.

ДАНА ДОСТАНОВА

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив