ҚАЖ департаменті түзеу мекемесін күзеткен  сарбаздарды марапаттады

ҚАЖ департаменті түзеу мекемесін күзеткен сарбаздарды марапаттады

Қызылорда  облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесін  күзетіп, әскери міндеттерін өтеген "Ұлттық ұланның"  №5547 әскери бөлімінің 25  сарбазы  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті  бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Әскери бөлімінде өткізілген шараға  ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет подколковнигі Бақыт Наурызбаев,әділет подполковнигі Шетенов Сүйіндік Еркебайұлы және кадр саясаты тобының қызметкерлері  қатысты.

"Түзеу мекемесіндегі тыныштық пен тәртіптің  сақталуы – ең алдымен қарауыл күзетінде қалтқысыз қызмет атқарған қырағы жауынгерлеріміздің арқасы. Сіздер, өз өмірлеріңізге төнген қауіпті ойламай, түзеу мекемесіндегі ішкі тұрақтылықты сақтауда міндеттеріңізді адал атқарып, жинақылық пен әскери тәртіптің жақсы үлгісін көрсеттіңіздер. Отанға адал болуға әскери  Ант берген күннен бастап, күні-түні қырағылық пен сақтықты, ерекше жауапкершілікті қажет ететін осы қызметті  адал да абыроймен атқарған сазбаздарымыз алдағы  уақытта да отансүйгіштіктің жарқын үлгісін  көрсете береді деп сенемін", деді әділет подколковнигі Бақыт Наурызбаев.

"Түзеу мекемесін күзетуге жіберер алдында  командирлеріміз бізді психологиялық және  күшейтілген әскери дайындықтан өткізді. Олар бізді кез келген жағдайға әзір болуға, шапшаң ойлауға және тез қимылдауға, моральдық-психологиялық тұрғыдан мықтылыққа  үйретті. Өз басым әскери міндетімді  түзеу мекемесінде атқарып шыққаныма еш өкінбеймін. Өйткені бір жылдың ішінде мен жинақылыққа үйрендім, уақыттың қадірін білдім, өз ісіме жауапкершілікпен қарауға машықтандым, батыл бола түстім. Ең бастысы – Отанды сүю, елге қызмет етудің ережесі де қарапайым болатынына көзім жетті", деді 1-ші атқыштар ротасының сарбазы Куисов Нұрдәулет.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив