Елордада құрылыс материалдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Елордада құрылыс материалдарын ұрлаған күдікті ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Алматы» АПБ криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында жас жігіттің түнгі сағат 02.30 шамасында Алматы көшесінде орналасқан құрылыс нысанына заңсыз кіргені анықталды. Ол маңайында бөтен ешкім жоқтығын пайдаланып, еркін қол жеткізу арқылы жақтау терезелеріне арналған алюминді бұрыштарды жасырын ұрлап, қашып кеткен. Жалпы материалдық шығын 72 000 теңгені құрады.

Аталған фактіге байланысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті құрылыс нысандарының басшыларына тауарлық-материалдық құндылықтардың ұрлануын болдырмау үшін нысандарды күзету бойынша шаралар қабылдауды, оларды бейнебақылау камераларымен жабдықтауды және күзет дабылын орнатуды ұсынады. 

Сондай-ақ, азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив