Нұр-Сұлтанда 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған 43 жастағы күдіктіні ұстады

Тергеу барысында қаскүнем таңғы уақытта Қарталы көшесіндегі жатақхана бөлмесіне еркін кіріп, иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, Samsung телефонын жасырын ұрлап кеткені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам жатақханаларда бірнеше рет ұрлық жасаған. Ол бөлме тұрғындарының жұмысқа кетіп бара жатып, есіктерін ашық қалдырып кеткенін күтіп, сол сәтті пайдаланған.

Бүгінгі таңда оның елордадағы осыған ұқсас ұрлықтың 11 эпизодына қатысы бары анықталды. Қаскүнем қылмыстық жолмен тапқанын ұялы телефон сатып алушыларға немесе белгісіз адамдарға сатып жіберген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив