Екі мекеме арасындағы ынтымақтастық

Екі мекеме арасындағы ынтымақтастық

2022 жылдың 22 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивіне ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» директоры Асылбек Баяжұма жұмыс барысымен келіп, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрлановамен кездесті.

Кездесу барысында мекеме басшылары Өзара ынтымақтастық келісімшартына қол қойып, еліміздің жаңа тарихын зерттеуде, ғылыми айналымға енгізуде, ғылыми, мәдени шығармашылықты нығайтуға байланысты тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, ұлттық мәдени және жазба мұрасын сақтау саласында бірлесіп жұмыс жасау жоспарларымен бөлісті.

Келісімшарттың мақсаты – екі жақтың мүмкіндіктері мен ғылыми-зерттеу қызметтерін тиімді пайдалану және мәдени мұраны сақтау, өзара кәсіби мамандармен тәжірибе алмасу, ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу, бірлескен ғылыми іс-шараларға қатысу, тарихи қолжазбалар мен ғылыми ақпараттар алмасу, жоғары білікті ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлауда ынтымақтастық орнату. 

«Биыл Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Бұл болашақ ұрпаққа үлкен өнеге әрі мақтаныш. Осы ұлттық құндылықтарымызды одан әрі ұлықтап, жастардың оларға деген құрметін арттыра түсуде біздің мекемелеріміздің атқарар рөлі, қосар үлесі зор. Сондықтан болашақта бірлесіп жаңа жобалар әзірлеп, зерделі зерттеулер жасауда өзара әріптестігіміз нығая беруіне мүдделіміз», - деп атап өтті Ұлттық архив директоры Сағила Есімсейітқызы.

 «Геральдикалық зерттеулер орталығының» директоры Асылбек Баяжұма да өз кезегінде бүгінгі келісімшарттың маңыздылығына тоқталды. 

«Геральдикалық зерттеулер орталығы» қазіргі таңда көптеген зерттеулермен айналыасып жатыр. Соның бірі Қазақ хандығының нақты Туын анықтау болып отыр. Өйткені қазіргі кезде түрлі тарихи фильмдер мен интернет-ресурстарда жалған деректер келтірілуде. Бұл жас ұрпақты адастырады. Сондықтан біз Ұлттық архив сияқты тарихи құжаттардың алтын қоймасы болған мекемелермен тығыз жұмыс жасап, тарихи әділеттілікті орнатуда жан-жақты зерттеулер жүргізуді жөн санаймыз», - деді Асылбек Баяжұма.  

Кездесу аясында ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова Геральдикалық зерттеулер орталығының делегациясына құнды құжаттар сақталған қоймалар мен көрмелерді көрсетіп, архив жұмысымен таныстырып, Ұлттық архив жарыққа шығарған басылымдар мен жинақтарды сыйға тарту етті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Adell 13 января 2024 04:10

    Thanks for any other informative web site. Where else may just I get that type of info written in such an ideal way?
    I have a undertaking that I'm just now working on, and I've been at the
    look out for such information.

    Here is my site :: vente en ligne de fml forte

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив