ТМД-ға қатысушы мемлкекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

ТМД-ға қатысушы мемлкекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (БПҮК) 32-ші отырысының жұмысына қатысты.

Күн тәртібінде қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес және активтерді қайтару; экстремистік, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы ақпаратты таратуға қарсы іс-қимыл; адам саудасына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес және басқа да өзекті мәселелер болды.

Қазақстан Бас Прокуроры өз баяндамасында қылмыстық процесте бизнесті қорғау, және де экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша еліміздің оң тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан және Ресей Бас прокурорларымен екі жақты кездесулер өткізіліп, бұл мемлекеттермен қылмыстық-құқықтық қатынасты нығайтудың негізгі мәселелері талқыланды.

Осыдан басқа, аталған іс-шара барысында адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен Ресей Бас прокуратуралары арасындағы «Байқоңыр» кешені аумағындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар қылмыстың барлық түрлеріне қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив