Қазақстанда ТМД елдерінің Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті

Қазақстанда ТМД елдерінің Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ТМД БПҮК, Үйлестіру кеңесі, Кеңес) 31-отырысы өтті.

         Жоғары қадағалау ведомстволарының делегацияларын Әзербайжан Республикасының Бас прокуроры Камран Алиев, Армения Республикасының Бас прокуроры Артур Давтян, Беларусь Республикасының Бас прокуроры Андрей Швед, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов, Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев, Молдова Республикасының Бас прокуроры Александр Стояногло, Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Краснов, Тәжікстан Республикасының Бас прокуроры Юсуф Рахмон, Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Нығматилла Юлдашев, сондай-ақ Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хван,  ТМД БПҮК атқарушы хатшысы Ян Герцовский және ТМД Атқарушы комитетінің өкілі Игорь Малашевич басқарды.

         Іс-шараны дәстүрлі түрде Үйлестіру кеңесінің төрағасы - Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Краснов ашты, ол прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттердің біртұтастығын және қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ форумды ұйымдастырғаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

         Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, осы алаңның халықаралық әріптестікті нығайтудағы және өңірдегі заңдылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.

         Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хван мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілі Игорь Малашевич осы институттың ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі рөлі мен әлеуеті туралы айтты.

         Отырыстың модераторы - Қазақстанның Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов өз сөзінде ТМД елдерінің прокуратура органдарының құқық үстемдігін орнатуға қосқан үлесін атап өтті, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, қаралып отырған мәселелердің өзектілігіне назар аударды.

         «Терроризм, экстремизм, есірткі трафигі, трансұлттық және киберқылмыс, адам саудасы – бұл біздің күш-жігерімізді біріктіруді талап ететін қазіргі өмір шындығы.  Сондықтан да біз уақытпен бірге қадам басып, құқық қорғау саласына жаңа тәсілдер мен инновациялық жұмыс әдістерін енгізуіміз керек», - деді ол.

         Осы тұрғыда қатысушылар қызметтің негізгі бағыттары бойынша қадағалаудың прогрессивті практикалары туралы ақпаратпен алмасты.

Атап айтқанда, Әзірбайжанның Бас прокуроры Камран Әлиев қылмыстық істерден басқа іс жүргізулер бойынша жұмыс тәжірибесі туралы айтты.

         Армения Республикасының Бас прокуроры Артур Давтян Кеңес қатысушыларымен банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау және пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

         Беларусь Республикасының Бас прокуроры Андрей Швед сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық стратегиясының жобасымен таныстырды.

         Қатысушылар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаевтың қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу тәжірибесі және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының барлық негізгі шешімдерін прокурорлардың электрондық форматта келісуі туралы баяндамасын үлкен қызығушылықпен тыңдады.

         Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев IT-технологияларды енгізудің және қылмыстық процесті цифрландырудың ерекшеліктерімен бөлісті.

         Молдованың қадағалау органының басшысы прокурордың өз қалауы бойынша өкілеттіктері туралы айтты. Александр Стояноглоның айтуынша, бұл қоғамды қылмыссыздандыруға әсер етуімен қатар, соттардың жүктемесін едәуір төмендетеді.

         Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Краснов экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

         Тәжікстанның Бас прокуроры Юсуф Рахмон халықаралық террористік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы сөз сөйледі.

         Нигматилла Юлдашев Өзбекстан прокуратурасы органдарының жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интеграциялаудың жетістіктері туралы айтты.

         Қатысушылар қылмысқа және заңдылықты бұзуға қарсы күресте, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының әріптестігін арттыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

         Талқылау қорытындысы бойынша бас прокуратуралар басшылары прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау және озық тәжірибемен алмасу жөніндегі басым міндеттерді айқындайтын Үйлестіру кеңесінің шешімдеріне қол қойды, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларда шекаралық қауіпсіздікті нығайтудағы 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастығының арнайы бағдарламасы мақұлданды.

         Отырыс барысында форумға қатысушылар Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Красновты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің төрағасы етіп қайта сайлады.

         2022 жылы ТМД БПҮК 32-отырысын өткізу елі Беларусь Республикасы болып белгіленді.

         Қорытынды шешімдерге қол қойылғаннан кейін Қазақстанның Бас Прокуроры шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізіп, халықаралық ынтымақтастық және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады. 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Sophia 1 сентября 2023 02:12

    After I initially commented I seem to have clicked on the -Notify me when new
    comments are added- checkbox and now whenever a comment is added I get 4 emails with the exact same comment.
    There has to be a way you are able to remove me from that service?

    Thank you!

    Here is my webpage ... prix du myambutol
    sur ordonnance

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив