Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының кезекті отырысы өтті

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының кезекті отырысы өтті

 

2020 жылғы 20 қазанда бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің қатысуымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ БП) мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 18-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Үндістан, Иран, Пәкістан, Қытай, Камбоджа, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения Бас прокурорлары мен уәкілетті тұлғалары, Халықаралық прокурорлар қауымдастығының және ШЫҰ-ның Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымның Хатшылығы мен Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің прокуратуралары қызметінің тәжірибесімен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестің заманауи практикасы және тиімді әдістерімен алмасты.

Қазақстанның Бас Прокуроры өз баяндамасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заманауи ақпараттық өзара іс-қимылының, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді қайтару механизмін енгізу қажеттілігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив