Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары»жобасы бастау алды

Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары»жобасы бастау алды

Жобаның мақсаты – жас қазақстандықтардың Тәуелсіздік жылдарында жеткен кәсіби жетістіктерін дәріптеу.

Әлеуметтік жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ жүзеге асырады.

Жобаға еліміздің әр өңіріндегі жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

«Жоба аясында Тәуелсіздік жылдарында жетістікке қол жеткізген қазақстандықтардың қатысуымен әр түрлі форматтағы шаралар өткізілетін болады. Әр өңірде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының қатысуымен нетворкинг және тәжірибе алмасу, пікірталас алаңдары құрылып, еберлік сыныптары, семинар-тренингтер өткізіледі», - деді жобаны таныстырған жоба менеджері Эльвира Сәрсенәлиева.

Қыркүйекте «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Нұр - Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында «Болашақ Қазақстан менің көзіммен» атты ТEDx-конференциясы өтеді.

«Бұл іс-шараларда жастардың ең белсенді self - made өкілдері мемлекеттің дамуы мен маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарастарын ұсынады», - деп атап өтті Эльвира Сәрсенәлиева.

Әрбір ТEDx-конференциядан кейін  жастардың бір-бірімен танысуына, тәжірибе алмасуына, олардың бастамаларын талқылауға мүмкіндік беретін нетворкинг-кездесулер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, «Шешендік өнер», «Қаржылық сауаттылық», «Тайм-менеджмент», «Креативті индустрия», «Блогты жүргізу», «Салауатты өмір салты» тақырыптарындағы оффлайн-шеберлік сағаттарын өткізбек.

Сонымен қатар, жоба ұйымдастырушылары қазақстандық талантты жастардың қатысуымен бейне-подкасттарды әзірлейтін болады.

«Бірінші кезекте, мұндай жобалар жастардың өзін-өзі дамытуға ынталандыру үшін қажет. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы өте өзекті, бүгін біз  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша жұмыс істеп жатқанымыздықтан, жас қазақстандықтардың пікірі елдің дамуы үшін өте маңызды», - деп қорытындылады сөзін Эльвира Сәрсенәлиева.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://www.instagram.com/p/CdcatbPtblv/?igshid=MDJmNzVkMjY

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив