7 мың бала Қазақстанның ең ауқымды мектеп спартакиадасында бақ сынайды

7 мың бала Қазақстанның ең ауқымды мектеп спартакиадасында бақ сынайды

Елімізде үздік мектеп оқушылары және олардың жаттықтырушыларының қатысуымен республикалық «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы өтуде.

Биыл жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 7 мыңнан астам оқушы қатысады. Қатысушылардың өздері айтқандай, олар аталған жарысты бір жыл бойы жарысты күткен.

 

Спартакиада екі кезеңнен тұрады және келесі спорт түрлерін қамтиды: шахмат, үстел теннисі, қыздарға арналған баскетбол, ұлдарға арналған футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері және тоғызқұмалақ.

Спартакиаданың бірінші кезеңінде барлық облыстар мен қалалардың аумағында, құрама аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар арасында аймақтық жарыстар өткізіледі. Екінші кезеңге облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың атынан әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар қатысады.

Осы күндері Қазақстанда өтетін жастар әуесқой командаларының жыл сайынғы жарыстары 7 өңірді қамтыды. Жоба командасы Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында болды.

 

Жақында іріктеу турлары Ақтөбе облысында өтті. Баскетболдан жеңімпаз команда қатысушылары жарыс туралы:

«Біздің бапкеріміз - Ниязов Мурат. Осы адамның арқасында біз баскетбол ойнауды үйрендік. Енді біз түрлі жарыстарға, соның ішінде «SportFest Kazakhstan» - ға да барамыз. Іріктеу кезеңі біз үшін қызықты өтті. Ал финалда жүлделі орын үшін таластық. Біз жеңгіміз келді, бұл біз үшін мақсат – миссиядан да көп.  Бұл турнирден алған әсеріміз ерекше», - қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.

Айта кетерлігі, «SportFest Kazakhstan» маңызды спорттық және әлеуметтік маңызды жобалардың бірі болып табылады. Оның ерекшелігі - спартакиада спортпен кәсіби түрде айналысатын еліміздің барлық оқушыларын біріктіреді. Ал жарыс алаңдары өңірлерден келген балалар үшін спорт әлеміне тамаша трамплин болды. Түркістан облысынан келген Сабина Оралқызы 4 жылдан астам уақыт бойы баскетболмен айналысып келеді:

«Біздің жаттықтырушы бізге жарыстарға қатысуды ұсынды және біз, әрине, келістік. Жарыс жоғары деңгейде өтті, бізге өте ұнады. Енді маусым айында «Балдәуренде» басқа командалармен жарысқа барамыз. Финалда жеңіске жетеміз деп үміттенеміз және, әрине, келесі жылы «SportFest Kazakhstan»-ды күтетін боламыз», - Түркістан облысынан келген қатысушы өз әсерлерімен бөлісті.

Айта кету керек, жарыстардан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық жабдықтар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр аймақтағы мектептерге беріледі.

Сондай-ақ, «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы еліміздің тек «жасыл» өңірлерінде, 50 адамнан аспайтын топтарда өткізіледі. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады: температураны өлшеу, әлеуметтік қашықтық (2 метр қашықтық), сондай-ақ маска режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ету.

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Коммуникативтік бастама және стратегия Қоры» ЖҚ-мен бірлесіп іске асыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив