Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
Ұзақ үзілістен кейін «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының тағы да жалғасатынын қуана хабарлаймыз! Пандемияға байланысты ұйымдастырушылар жарысты бір жылдан астам уақыт тоқтатуға мәжбүр болды. Енді 7000-нан астам қазақстандық мектеп оқушылары қараша айында басталып, 2022 жылдың маусымына дейін болатын «SportFEST Kazakhstan» ІІІ республикалық спартакиадаға қатысуды әрі қарай жалғастырады.
2020 жылы «SportFEST Kazakhstan» командасы еліміздің Атырау және Жамбыл облыстарында болды. Олар жеңімпаздарды анықтады. Енді командалар финалдық ойындарды күтіп жүр. Алдағы уақытта жарыстар республика бойынша 15 қалада өтеді деп жоспарланған. 23 қарашада Ақтөбе облысының 8-10 сынып оқушылары «ең спорттық» атағына таласады. «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының іріктеу кезеңіне республиканың 14 облысынан 210 аудан қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиадалық спорт түрлерінің қатарында: шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол, ұлдар арасында футзал, әскери қолданбалы спорт, тоғызқұмалақ бар.
Спартакиада екі іріктеу кезеңінен тұрады. Алдымен барлық облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өтеді. Бұл кезеңде аудандық, облыстық маңызы бар қала командалары өзара жарысады. 1-кезеңнің жеңімпаздары аты аңызға айналған «Балдәурен» (Бурабай) лагерінде өтетін 2-кезеңде өз аймағы немесе қаласының атынан сынға түседі.
Айта кету керек, «SportFEST Kazakhstan» Спартакиадасы еліміздің тек «жасыл» аймақтарында 50 адамнан аспайтын топтарда өткізіледі. Жарыс барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады: кіреберісте температураны өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау (2 метр арақашықтық), бетперде режимін қатаң сақтау.
Жастардың өзін-өзі танытуына және балалардың физикалық дайындығын бағалауға бағытталған республикалық спартакиада бұқаралық спортты және жастар арасында патриоттық тәрбиені насихаттайтын жарыс ретінде имиджін қалыптастырды. Жоба басталғалы бері республика бойынша 14 мыңнан астам мектеп оқушысы спартакиаданың қатысушысы болды.
«SportFEST Kazakhstan» – Дариға Назарбаеваның бастамасымен 14 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жас спортшыларды қолдауға мақсатында жүзеге асырылып жатқан бірегей жоба.
Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Коммуникациялық бастамалар мен стратегиялар қорымен» ЖҚ бірлесіп іске асырады.
Айта кетейік, жарыстан кейін іріктеу кезеңдерінде қолданылатын барлық спорттық құрал-жабдықтар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр облыстың мектептеріне сыйға тартылады.
Анықтама:
«Менің Елім» бағдарламасы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қоғамдастықтардың өмір сапасының жоғары стандарттарына, білім, мәдениет және спорт, әлеуметтік ортаға қолжетімділігін кеңейту арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жұмыс істейтін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Сіздерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!
PR-менеджер: Алтынай Аманбаева
[xfvalue_img]