Сатыбалды Дәулеталин: Қазіргі өзгерістер дәуірі жастарға үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

Сатыбалды Дәулеталин: Қазіргі өзгерістер дәуірі жастарға үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

Щучинск қаласында өткен «Өзгерісті өзіңнен баста!» республикалық жастар форумында  Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еңбекші жастармен кездесті.

Екі  күнге созылған іс-шараға «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпаздары, барлық өңірлерден келген «Келешек» облыстық және салалық жастар кеңесінің төрағалары, кәсіподақтардың жастар саясатына жауапты азаматтар өздерін толғандырған өзекті мәселер бойынша сұрақ қойып, кәсіподақтың қызметіндегі жастар мәселесі бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Федеарацияның Жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағасы Дария Хамитжанова   форумның жұмысы барысында жас кәсіподақ көшбасшылары атынан барша Қазақстанның еңбекші жастарына «Өзгерісті өзіңнен баста» деген ұранмен үндеу жарияланғанын атап өтті.

Төраға Сатыбалды Дәулеталин Кәсіподақ федерациясының қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және еліміздегі еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған шараларға қатысты мәселелерді жастарға түсіндіріп өтті.

«Елімізде 154 мыңға жуық ұжымдық шарттары жасалған. Ал републикада 30 мыңнан астам кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Кәсіподақ ұйымы бар мекемеде еңбек қатынастарына қатысты мәселелер өз шешімін тауып келеді. Қалған еңбек ұжымдарында ол шарттар қалай жасалды, оның сапасы қай деңгейде дегенге ешкім жауап бере алмайды. Қазір Үкіметке ұжымдық шарттарды мониторингілеу жүйесін жақсартуды ұсындық. Өйткені ол құжат сол кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек қатынасын қалыптастыру және оны жақсартуға әрқайсысының ат салысуына мүмкіндік береді», - деді ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын алға қою керектігін айтты. 

Жастар төрағадан аға буынның тәжірибесі мол екендігін алға тартып, кәсіподақ қозғалысының жас мүшелеріне қандай ақыл-кеңес беретінін сұрады.

«Ұдайы сыни пайымда болыңыздар. Өзіңе сенімді болсаң, өз күшіңді артық бағалауың мүмкін. Үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ түру керек, алайда оны толық қабылдамау керек. Тәжірибесін алуға болады, алайда көзсіз еліктеу керек емес. Өздеріңіз барлығын бастан кешіріңіздер, сыналыңыздар. Сіздерді көп нәрселер күтіп тұр. Қателесіңіздер, қорықпаңыздар, сүрініп кетесіздер, қайта тұрасыздар. Оның барлығы өз тәжірибеңіз, өз қатеңіз. Одан сабақ аласыз. Барлығын бастап өткізу керек. Сіздер біздерден мықтысыздар. Басқаша ойлайсыздар. Біз өзгерістер дәуірінде тұрмыз. Жастар қауымы  қазіргі сын-қатерлерде жеңіл еңсересіздер. Цифрландыру жағын жақсы меңгергесіздер. Сіздердің болашақтарыңыз мықты, алысқа кетесіздер. Өзгерістер дәуірі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады», - деді ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Жастар Жаңа Қазақстанда құруда жастар қандай үлес қосу керектігін де сұрады.

Төрағаның пікірінше Жаңа Қазақстанды құру жолында кәсіподақ - әлеуметтік әділеттілікке ұмтылады. Кәсіподақ федерациясы осыған қатысты бірқатар іс-шараны қолға алған. Ол елімізде лайықты жалақы төлеу яғни - тұрғындардың табысын арттыру. Сондай-ақ, төменгі жалақы мөлшерін реттеу тетіктерін жетілдіру.

Бұдан кейін Кәсіподақтар федерациясының «30 Еңбек елшісі» республикалық жобасының жеңімпазы, Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіп одағының  Байзақ аудандық филиалы комитетінің төрағасы Елнұрбек Ермеков «30 Еңбек елшісі» жобасын жалғастыруды ұсынды. Сонымен қатар ол кәсіподақ ұйымының мүшелік базасын кеңейту, кәсіподақтың жас буындарының қатарынан кадр резервін әзірлеу мақсатында жыл сайын ынталандыру айлығын  өткізуді ұсынды.

Бұдан кейін Павлодар облысындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургиялық өндіріс кранының машинисі Зарина Әбікенова сөйледі.

«Мен 8 жылдан бері Ақсу ферроқорытпа зауытының балқыту цехындағы кран машинисімін. Менің кәсібім аса мұқият болуды, жоғары дәлдікті,  біліктілікті талап етеді. Біз 100 метр шамасында биікте жұмыс істейміз. Осы салада істейтін әйелдерді сирек кездестіресіз.  Мен 2014 жылдан бері сол зауытта жұмыс істеп қана қоймай, кәсіподақ ісіне белсене араласып келемін. Кәсіподақ орталығы жанындағы Павлодар облысы еңбекші әйелдер құқығы жөніндегі комиссияда біз еңбек жағдайына қатысты мәселелерді көтереміз. Мен осы форум секілді талқылау алаңы болғанына ризамын. Кеше Мәжіліс депутатымен кездесуде біздің мамандықтағы жұмысшылардың зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты сұрақты көтердім. Ұйымдастырушыларға осындай талқылау алаңы үшін алғыс айтқым келеді», - деді Зарина Әбікенова.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин осындай ауыр жұмысты істеп жүрген нәзік жандыларға құрметі ерекше екенін атап өтті.

Бұдан кейін қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Алматы әуежайындағы көптеген жолаушыны қауіпсіз жерге шығарып үлгеруге көмектескен Әлібек Құрмантай сөйледі.

Ол 2014 жылдан бері «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, әрі осы әуежайдағы жергілікті кәсіподақтың Атқарушы комитетінің мүшесі.

Одан кейін, Qasqa jol»Youtube каналының авторы Абай Тіленшиев «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы, Атом өнеркәсібі еңбеккерлері салалық кәсіподағы Жастар кеңесінің төрағасы Айзара Юсуповасөз сөйлеп өзі пікірлерімен бөлісті.

Еске сала кетсек, іс-шара екі күнге жалғасты. Форумның ашылуында кәсіподақ жастарын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қарсы алды, ол өз сөзінде жастарды кәсіподақ қызметіне тарту және белсенділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Содан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кәсіподақтар Федерациясының Сарапшылық кеңесінің төрағасы Екатерина Смышляеваның қатысуымен «Депутатқа 100 сұрақ» пікірталас алаңы өтті.

Екі күнде жастар креативті тәжірибе алмасып, кәсіподақ қозғалысының өзекті мәселелерін талқылап, коммуникацияның заманауи әдістері үйренді. Еңбек дауын шешу, жастардың маңызды әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге қатысуы секілді тренигтерге қатысты.

ҚРҚФ Медиаорталығы 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив