AI & Digital Bridge 2026 аясында «ҰАТ» АҚ мен Digital Governance Agency ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 аясында «ҰАТ» АҚ мен Digital Governance Agency ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) мен Грузияның LEPL Digital Governance Agency ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе мен озық практикалармен алмасуға, сондай-ақ цифрлық даму саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Меморандум аясында тараптар цифрлық мемлекеттік қызметтер мен технологиялық шешімдерге қатысты бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау үдерістерін жеделдету, оның ішінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара ынтымақтастығы арқылы дамыту тәжірибесіне ерекше назар аударылмақ.

Сонымен қатар тараптар цифрлық сервистер мен технологиялық шешімдерді дамытуға, сондай-ақ ұйымдар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.

Меморандумға қол қоюға негіз болған келіссөздер БҰҰ-ның Мемлекеттік қызметтер жөніндегі Дүниежүзілік форумы аясында қаланды. Форум барысында Грузияның LEPL Digital Governance Agency төрағасы Сандро Цирекидзе мен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Р.А. Коняшкин арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын талқылады.

«AI & Digital Bridge 2026 аясында құжатқа қол қою халықаралық диалогтың жалғасы және Қазақстан мен Грузияның ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастығын дамытудың тағы бір қадамы болды. «ҰАТ» АҚ үшін халықаралық байланыс цифрлық үкіметті, сервистер мен заманауи технологиялық шешімдерді дамытудағы практикалық тәжірибе мен тәсілдермен алмасуға мүмкіндік береді», – деп «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шыңғыс Оразалимов атап өтті.

Грузия тарапымен ынтымақтастық білім мен озық тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау саласындағы бірлескен бастамаларды талқылауға қосымша мүмкіндіктер береді.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Грузия арасындағы институционалдық әріптестікті нығайту және ақпараттық технологиялар мен цифрлық даму саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Айта кетсек, AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы 1-3 қазан аралығында Астанадағы «EXPO» ХКК аумағында өтуде және AI MONTH аясындағы негізгі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды. Форум Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткізіледі.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.