Қазақстанда жиһаз өнеркәсібі қарқынды дамуда

Қазақстанда жиһаз өнеркәсібі қарқынды дамуда

Қазақстанда ағымдағы жылы жиһаз кәсіпорындарының қарқынды өсуі байқалады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінде елімізде 1491 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді, олар осы жылдың 10 айында 49,3 млрд теңгеге өнім өндірді, бұл номиналды мәнде 2020 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішінен 16,5 млрд теңгеге жоғары.

Нақты көлем индексі (НКИ) айтарлықтай ұлғайып, 114,9% - ды құрады. НКИ өсімі саланың барлық секторларында қамтамасыз етілген. Бұл ретте өндіріс көлемінің едәуір өсуі кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндірісінде 1,4 есе байқалады. 

Отандық жиһаз өнеркәсібінің өнімдері көрші елдерде сұранысқа ие. Экспорттың негізгі көлемі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Беларусь елдеріне бағытталды. 2021 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде экспорт көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 1,5 есе ұлғайды.

QazIndustry мамандарының пікірінше, қазақстандық жиһаз жасаушылардың әлеуеті өте үлкен, себебі импорттық өнімді Ресей, Түркия, Беларусь, Қытай және Италиядан жиһаз өнімдерінің сапасы мен дизайны бойынша кем түспейтін отандық тауарлармен алмастыру есебінен ішкі нарықта өзінің қатысуын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік бар.

«Жиһаз өндіру секторы қарқынды дамып келеді, жаңа компаниялар мен жеке кәсіпкерлер пайда болуда, осылайша отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан жылға елімізде тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатыр, бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады», - деп атап өтті QazIndustry Өңірлерді дамыту дирекциясының бас сарапшысы Бейсенбек Баймағұлов.

Жыл басынан бері жиһаз кәсіпорындарының саны 1,3 есеге артты. Жиһаз кәсіпорындарының өсуі бойынша өңірлер арасында Шымкент қаласы көш бастап тұр, онда 400-ден астам кәсіпорын бар.

Сондай-ақ, 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында жиһаз корпустары мен ағаштан бұйымдар шығару бойынша бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылды. Осылайша, аталған фабрикалардың өндіріс қуаттылығы жылына 30 мың бірлік жиһаз өнімін құрайды, бұл өз кезегінде 165 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 

ҚР ИИДМ «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және

экспорт орталығы» АҚ Баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Booker 26 августа 2023 12:51

    I believe that is among the such a lot vital info for me.
    And i am glad reading your article. But should observation on few basic things, The site
    style is perfect, the articles is truly excellent :
    D. Excellent task, cheers

    Also visit my web-site ... Adelaida

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив