Жыл басынан Петропавл полицейлеріне көбінесе 30-44 жас аралығындағы қаңғыбастар кезіккен

Жыл басынан Петропавл полицейлеріне көбінесе 30-44 жас аралығындағы қаңғыбастар кезіккен

Петропавл қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының жинау тобының қызметкерлері тұрғылықты мекенжа йы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша күн сайын рейд жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топ күндізгі сағат 15-тен іңірге дейін жұмыс істейді. Полицейлер қалалықтардан, егер қаңғыбастардың жиналатын жері туралы білсе, бірден кезекші бөлімге немесе «102» нөміріне хабарлауды сұрайды.

Жылу трассалары, канализация құдықтары, қоқыс тастайтын жер, шағын базарлар, вокзалдар – полицейлер үй-күйсіз жүргендер жиналатын жерлерді тексереді. Қазірдің өзінде түнде температура төмендей бастады, алдымызда қыс келе жатыр. Полицейлер үсікке және жазатайым оқиғаларға жол бермес үшін әр жерден жиналған қаңғыбастарды Жұмысшы кентінің шетінде орналасқан түнгі түнеу бөлімшесіне түнеуге жеткізеді. Бірақ ең алдымен із-түзсіз жоғалғандар базасы, қылмыс жасағаны үшін іздестірудегі және басқа да есептер бойынша тексеріледі. Жыл басынан бері қабылдау-тарату орнының қызметкерлері іздеуде жүрген 5 адамды анықтады, олардың біреуі қылмыскер, төртеуі түрлі құқық бұзушылықтарды жасаған күдікті.

Жыл басынан бері қалалық полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ 192 адамды, оның ішінде 139 ер адам мен 53 әйелді есепке қойды. Бұл ретте, Петропавлда үй-күйсіз жүргендердің арасында жасы отыздан қырық төрт жасқа дейінгілер, барлығы 81 қаңғыбас ұсталды. Он сегізден жиырма тоғыз жас аралығындағылар – 39, жасы қырық бестен асқандар – 21 адам.

Петропавл қ. ПБ қабылдау-тарату орнының бастығы полиция майоры Адай Смайловтың айтуынша, жалпы жыл басынан бері қабылдау орнына 1609 адам жеткізілген. Оның 192-і соттың санкциясымен орналастырылғандар. Ауа райына байланысты жинау тобы сағат 15.00-ден түнгі 23.00-ге жейін жұмыс істейді. Егер тұрғындар тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жиналғанын көрсе, онда 8 (7152) 52-92-99 телефоны бойынша қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне немесе тәулік бойы жұмыс істейтін 102 нөміріне хабарлау қажет. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив