Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 39 жасар Ақмола облысының тұрғынын тапты
«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу аясында елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы аумағында белгілі тұрағы жоқ адамдардың жиналатын орындары бойынша, яғни жылу трассалары, қоқыс тастайтын жерлер, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелерде жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізді.
Іс - шараның негізгі мақсаты-белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды, есірткі притондарын және басқа да мүмкін болатын заңсыз және есепке алынған контингентті анықтау.
2 күн ішінде учаскелік полиция инспекторларымен Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің қиын-өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығына белгілі тұрғылықты жері жоқ 40-қа жуық тұлға жеткізіліп,оларға медициналық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, жеткізілген адамдардың арасында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта тұрғын жақын туыстарына берілді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір