Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты қабылдады

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты қабылдады

8-9 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының (АҚИҰ) төртінші сессиясы өтті. Іс-шара «Пост-пандемиялық әлемдегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының азық-түлік жүйелері» тақырыбымен онлайн форматта ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Бас Ассамблея қатысушыларына арнаған алғы сөзінде Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы және жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымның рөлі де ерекше артқанын атап өтіп, қатысушы елдерді Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) азық-түлік қауіпсіздігі резервтерін және астық қорын құру жөніндегі бастамасын қолдауға шақырды.

         «Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының белсенді және жауапты мүшесі. Сондай-ақ, шетелге 7 млн.тоннаға дейін бидай экспорттай отырып, азық-түлік бидайы мен ұнды экспорттаушы ірі ондыққа кіреді. Жыл сайын Қазақстан көмекке мұқтаж ИЫҰ-на мүше елдерге гуманитарлық көмек ретінде бидай мен ұн жібереді. Біздің тәжірибеміз тұрақты түрде өсіп келе жатқан ислам әлеміндегі азық - түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде пайдалы болатынына сенімдімін», - делінген Мемлекет басшысының Бас Ассамблея қатысушыларына арналған хатында.

         Шара барысында Түркия Республикасы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты Қазақстанға бір жыл мерзімге берді. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өз сөзінде ИЫҰ азық-түлік жүйесін дамыту, бекітілген бағдарламаларды іске асырудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету, ұйымның гуманитарлық бағдарламалары, климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер, ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері сияқты аспектілердің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның алдағы төрағалық ету кезеңінде берілген бағыттар тұрақты жалғастырылатынан жеткізді.

         «Қазақстанда 200 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері бар, бұл әлемдік ресурстардың 4% - ын, жайылымдық ресурстардың 180 млн гектардан астамын құрайды. Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының белсенді әрі жауапты  және экологиялық таза аграрлық өнімнің ірі өндірушілері мен экспорттаушыларының бірі бола отырып, ИЫҰ кеңістігінде азық - түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға дайын», - деп атап өтті Е.Қарашөкеев.

         Төртінші Бас Ассамблеяның қорытындысы бойынша Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы 2031 қарарлары мен стратегиялық жоспары бекітілді. Оған сәйкес 16 бағдарламаны жүзеге асыру арқылы 5 негізгі бағыт: басқару, азық-түлік дағдарысына ден қою, әлеуетті арттыру, индустрияны дамыту және ресурстарды жұмылдыруды одан әрі дамыту және күшейту жоспарланған.

         Таяудағы 10 жылға арналған негізгі мақсаттардың қатарында - дағдарыс жағдайларында ИЫҰ елдерін қолдау үшін азық-түлік қауіпсіздігінің резервтерін және гуманитарлық азық-түлік көмегі жөніндегі бағдарламаларды құру, аграрлық азық-түлік өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, арнайы жобалар мен инвестицияларды қолдау үшін қаржылық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, био және агротехнологияларды дамыту, климатқа әсер ету, гендік банктерді дамыту және «халал» тамақ өнімдерінің экожүйесі сияқты аспектілерді қамтитын қатысушы елдердің әлеуетін дамыту үшін техникалық тәжірибені беру қарастырылған.

Іс-шараға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына мүше 36 мемлекет және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 56 елінен жалпы 150-ден астам қатысушы қатысты. Олардың құрамында ауыл шаруашылығы министрлері, халықаралық ұйымдардың, ИЫҰ және оның институттарының өкілдері, сондай-ақ қатысушы елдердегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін басқа да жоғары лауазымды тұлғалар болды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив