Салық төлеушінің санаттарға бөлу салық төлеуді ынталандырады

Салық төлеушінің санаттарға бөлу салық төлеуді ынталандырады

Тәуекелдерді басқару жүйесінде санаттарға бөлу қалай жүргізіледі, тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қандай шаралар қолданылады? Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіреді.

Салық органдарымен тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелі жоғары салаларға назар аудару, салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау мүмкіндігін ұлғайту үшін қолданылады. Тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бақылаудың барынша «жұмсақ» шаралары қолданады.

Санаттарға бөлу автоматтандырылған режимде орталық деңгейде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тәуекелдің үш дәрежесінің біріне жатқызу жолымен жүзеге асырылады: төмен, орташа немесе жоғары. Санаттарға бөлу ҚР Салық кодексінің 136, 137-баптарына және «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

Тәуекелдің жоғары дәрежесіне Қағидалармен бекітілген ашық критерийлер де, жария етуге жатпайтын жабық критерийлер де әсер етеді. Бұл тізбе мен олар бойынша есептеу алгоритмінің «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар және таратылуы шектелген қызметтік ақпарат болып табылатындығына байланысты.

Құпия ақпаратқа жатпайтын тәуекелдің деңгейінің санаттарына мыналар жатады: 

салықтық жүктеме;

бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;

салық есептілікте көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы;

қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер;

салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету;

салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және т.б.

Өлшемшарттардың толық тізбесімен Қағидадан танысуға болады. 

Санаттау нәтижелері және қолданылған ашық өлшемшарттардың тізбесі (оның ішінде тәуекел деңгейін төмендететін және көтеретін өлшемшарттар көрсетіледі) «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы салық төлеушіге жіберіледі.

Одан бөлек, мүмкін болатын тәуекелін бағалау үшін, салық төлеушілер өз жеткізушілері бойынша тәуекелін бағалау барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында көрсетілген деректерді қолдана алады. 

Бұл ретте санаттау салық төлеушінің сатып алуды жүзеге асыру және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасу кезіндегі қызметін шектемей, тек салықтық әкімшілендірудің жекелеген бағыттары бойынша шараларды саралауды көздейтініне назар аударамыз.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар өткізу барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бойынша біліктілігі іріктеледі, онда табысы, төлеген салығы, негізгі кұралдары, еңбекақы төлеу қоры секілді көрсеткіштер ескеріледі.

Осыған орай,салықтарды уақытылы және толықтай төлеуге шақырамыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив