Сотталған азаматтар тир атудан сынға түсті

Сотталған азаматтар тир атудан сынға түсті

    Сырдария аудандық пробация  қызметі мен «Алғыр ой» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  спорттық шара өтті. Пробация есебіндегі азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануға, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру, қайта қылмыстың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараға 20-ға жуық сотталған қатысты. Олар гір тасын көтеру, стол теннисі, тир ату, кермеге тартылу сынды спорт түрлерінен сынға түсті.

Шараны Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаев және «Алғыр ой»  қоғамдық қорының директоры Ғ.Болғанбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Гір тасын көтеру» жарысында 32 кг. гір тасын 65 рет көтеріп, шашасына шаң жұқтырмаған С. есімді есептегі азамат  басқа қатысушылардан оза шауып, І орын алды. Спорттық жарыс одан әрі қыза түсті. Шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі үстел теннисінен қарсыластарын ептілігімен, ұпай санымен баса озып, Е., есімді сотталған жеңімпаз деп танылды. Ал, тир атуға келетін болсақ, нысанаға дәл тигізуде  А., есімді сотталған алдына жан салмады. «Күш атасын танымас» демекші, нағыз мықтыларды анықтар бұл сайыста қатысушылар жеңіске жету жолында табандылық танытты. Бұл жарысқа сотталғандар  тыңғылықты дайындалып келгендерін көрсетті.

Сайыс қорытындысымен жеңімпаз деп танылған  жарыс жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздары табыс етілді. Сотты болған азаматтар жарыс ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, алдағы уақытта да тағы да осындай іс-шара өткізіліп отырса екен деген тілектерін жеткізді. 

А.Сақыбеков     

Сырдария аудандық ПҚ-нің

Аға инспекторы

Әділет капитаны                                                                           

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив