Есепте тұрған азаматтар арасында кіші футболдан жарыс өтті

Есепте тұрған азаматтар арасында кіші футболдан жарыс өтті

Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық пробация қызметі мен аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Сығанақ» спорт алаңында пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында кіші футболдан жарыс өтті.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғанғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген жарысқа карантин ережелерін сақтай отырып 22 сотталған қатысты. Қатысушылар Қайсар, Қорғау, Сығанақ, Сырдария болып төрт командаға бөлініп жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде 1-орынды «Сығанақ» командасы алса, екінші, үшінші, орынды «Қайсар» мен «Сырдария» командалары өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сотталғандардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив