Есепте тұрған азаматтар арасында спорттық шара өтті

Есепте тұрған азаматтар арасында спорттық шара өтті

Жалағаш аудандық пробация қызметі, «Pro-bono» қоғамдық қорымен бірлесіп,  аудандық полиция басқарамасының спорт алаңында пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында жүгірусекіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу мақсатында өткізілген жарысқа есептегі 10 сотталған қатысты. Екі командаға бөлінген «Қыран» және «Лашын» командасы жарыс көркін қыздырды. «Лашын» командасының қатысушылары жүгіруден, секіруден жылдам қимылдап, оқ бойы озық шығып, жеңімпаз болды.

 «Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып  тұрамыз. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Салауатты өмір салтын ұстануға  бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» - деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов.

«Бүгінгі спорттық шара өте қызықты өтті. Ұйымдастырушыларға алғысым зор. Осындай сайыстар жиі-жиі өткізіліп отырса деймін. Өз басым қоғамдық шараларға белсенді түрде қатысуға тырысамын» - деді есептегі сотталған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Anne 14 октября 2023 14:00

    Hi there superb website! Does running a blog such as this require
    a large amount of work? I have very little expertise in programming
    but I was hoping to start my own blog in the near future. Anyway, should you
    have any recommendations or techniques for new blog owners please share.
    I understand this is off topic however I just needed to ask.
    Thanks a lot!

    My webpage :: Rafaela

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив