Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілуде

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілуде

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұртшылықпен бірлесіп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі қалалық бөлімдерінде «қоғамдық бақылау» жүргізді.

Іс-шара барысында жеке куәліктерді жарамдылық мерзімі өткен жағдайда беру бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет түріне ерекше назар аударылды. 

Жеке куәліктің қолданылу мерзімінің асуына 10 күннен асса азаматқа ескерту жасалады, бірақ 30 күннен асса айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайларын болдырмау үшін жеке құжаттардың қолданылу мерзіміне назар аудару қажет.

Сондай – ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ (ХҚКО) филиалының кез келген халыққа қызмет көрсету бөліміне» жүгіну арқылы «электрондық үкімет» порталында мобильді азаматтар базасында өз мобильді телефон нөмірін тіркеуге болады.

Мұндай тіркеу болған жағдайда, мобильдік құрылғыға құжаттың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлікті ауыстыру қажеттігі туралы хабарлама келіп түсетін болады.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар жеке куәлікті үйден ала алады. Ол үшін 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып (қоңырау шалу тегін), өтінім қалдыру қажет. Бұдан кейін, сізге Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті толық ақпарат алу үшін ХҚКО қызметкерлері хабарласады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау үшін мемлекеттік корпорация бөлімдерінде, мемлекеттік кірістер басқармаларында, халықты жұмыспен қамту орталықтарында және т.б. мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалауға мүмкіндік беретін «Digital Agent» мобильді қосымшасы жұмыс істейді.

Теріс баға берілген жағдайда ақпарат дереу Департаменттің қызметкеріне түседі, ол істің мән-жайын анықтау және проблеманы шешу үшін өтініш берушімен байланысады. 

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын тұрақты жетілдіру, оларға азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету стратегиялық міндеттер болып табылады және Департаменттің тұрақты бақылауында.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив