Бұрын сотталған петропавлдық полицейге шабуыл жасады

Бұрын сотталған петропавлдық полицейге шабуыл жасады

Петропавлда билік өкіліне шабуыл жасау фактісі тіркелді. 16 мамыр кешкі уақытта «102» арнасына Горький көшесіндегі үйдің ауласындағы балалар алаңында мас ер адамның жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру бойынша жақын маңдағы автопатруль мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жаяу наряды тексеруге барған. Полицейлер келген кезде құқық бұзушы қарсылық көрсеткен, дөрекі сөздер айтып, тәртіп сақшыларының біреуіне жұдырық ала ұмтылған. Полицейлер кісен салуларына тура келген. Тексеріс барысында құқық бұзушының бұрын бұзақылық жасағаны, суық қаруды заңсыз сақтағаны және билік өкілін қорлағаны үшін сотталған 38 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Медициналық куәландыру масаңдық деңгейін көрсетті. Ер адамға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша материал жиналып, сотқа жолданды.

«Бұдан бөлек, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша материал жиналды, — деп қоса кетті Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. — Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігінің санкциясы 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды не 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін еске саламыз». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив