Петропавлда бұрын сотталған қала тұрғыны әскери жасаққа шабуыл жасады

Петропавлда бұрын сотталған қала тұрғыны әскери жасаққа шабуыл жасады

Петропавлда күн сайын 151 әскери қызметші құқықтық тәртіпті сақтауға түседі. Полицияның кешенді күштері құрамында олар қала көшелерін патрульдейді, шақыртуларға ден қояды, бағдарлармен жұмыс істейді, полицейлерге кезекшілікте кездесетін жағдайлармен олар да бетпе-бет келеді.

18 сәуір сағат 20:00 шамасында патрульдердің бірі Ульянов көшесінде мас ер адамды байқаған. Медициналық куәландырудан өту ұсынысына қарсылық білдіріп, агрессивті ұстаған, арақтың сынған бөтелкесімен өзіне жарақат келтіріп, қатардағы әскери қызметшіге жұдырық ала ұмтылған. Ер адам ұсталып, автопатрульге тапсырылған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені және тонау жасағаны үшін бұрын сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдық күйін көрсетті.

«Күдіктіге қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, — деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. — Баптың санкциясы ірі мөлшердегі айыппұлдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлығы облыс орталығы аумағында билік өкіліне қатысты күш қолданудың 2 фактісі тіркелген. Тәжірибе көрсеткендей, осындай жағдай спирттік ішімдікті асыра пайдаланумен байланысты болады». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив