Алкогольдік масаң күйдегі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алкогольдік масаң күйдегі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. Комсомол ауылында алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарып, рульге ие бола алмай, соқтығыс жасады, нәтижесінде жәбірленушіге материалдық залал келтірді.

Азамат Б.-ның  кінәсі өзінің сот отырысында берген түсініктемесінен бөлек, жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғанын анықтайтын медициналық куәландыру қорытындысымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жол көлік оқиғасы болған жердің сызбасымен, құқық бұзушының және жәбірленуші өкілінің, куәлардың түсініктемелерімен, суреткестелерімен және басқа да нақты деректермен толықтай дәлелденеді.

Соттың қаулысымен құқықбұзушыға 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Әйтеке би аудандық сотының баспасөз хатшысы А.Биманова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив